ИИР Президенті АҚШ-тың Иранға қарсы қастандықтарына тоқталып: "Иран шара қолдану арқылы АҚШ-ты тізе бүктіреді",-деп қуаттады.

Хасан Рухани сенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде ұсынылған министрлердің біліктілігін саралау отырысында АҚШ-тың соңғы айларда саяси-құқықтық орталарда жеңіліс тапқанына тоқталып: "АҚШ әлемдік деңгейде бір ірі елге қарсы маңызды шешім қабылдаған кезде одақтастары оны қолдамай қойған жағдай бұрын-соңды болмаған",-деді.

Рухани АҚШ-тың ауқымды санкциялар салу арқылы Иран халқының ең үлкен жауы болып отырғанында ешқандай күмәннің жоқтығын айтып: "АҚШ Иранға қарсы әділетсіз санкция салу арқылы Иран халқының дұшпаны екенін көрсетті",-деді.

Рухани, сондай-ақ, бөгде елдердің ақпарат құралдарының Иранның экономикасына қарсы кеңістік тудыруын сынап: "Иран білім беру, денсаулық сақтау мен емдеу, энергетика және тасымал салалары бойынша әлемнің ең арзан елдерінің қатарына жатады",-деді.

 

Тегтер

Oct 28, 2018 16:54 Asia/Almaty
Сараптама