ИИР Президенті АҚШ-тың санкцияларына қарамастан азиялық және еуропалық көптеген мемлекеттің Иранмен ынтымақтастықтарын жалғастыруды қалайтынын мәлімдеді.

Иран Президенті Хасан Рухани әртүрлі елдер өкілдерінің экономикалық ынтымақтастықтарын жалғастыруға мүдделік танытып, Иранмен хабарласқандарына тоқталып: "Америкалықтар жобалаған жаңа қастандық жобаларымен жеңіске жетпей, біртіндеп кейін шегінеді. Өйткені, Иранның мұнай экспортын мүлдем тоқтату жобалары іске асқан жоқ",- деді.

Иран Президенті америкалықтар психологиялық және экономикалық қысым көрсетіп, Иран халқын ашуландырғысын келетінін айтып: "Иран халқы америкалықтардың қылмыстарына ызалы. Біз қиындықтармыздан оңай өтеміз. Бізбен сауда қарым-қатынасын орнатқан елдерге  АҚШ-тың  қысымдарының нәтижеге жетпейтінін айтамыз",- деді.

Иран Президенті Ирак үкіметі мен халқына «Арбағин» зияратшыларына көрсеткен қызметтері үшін алғыс айтып: «Имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағинінің» жолдауы – азаттық, тәуелсіздік, әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілік. Сондықтан, азаттық пен адамгершіліктің жаршылары осы жолдауды жеткізуді көздеуі керек»,- деді.

 

 

Тегтер

Oct 31, 2018 17:52 Asia/Almaty
Сараптама