"Дүниежүзілік үстемшілдермен күрес" ұлттық күніне орай өткен шеруге қатысушылар Иран халқының АҚШ-тың сұрқия санкцияларын жеңіліске ұшырату арқылы осы тарихи кезеңнен сәтті өтетінін мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 13 абан – Дүниежүзілік үстемшілдермен күрес күні өткен шерудің қорытынды қарарында: "Үстемшілдікпен күресу – Ислам революциясының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан Иран халқы өзінің діни және революциялық міндеттерін орындау арқылы бұл күресті үстемшіл жүйені, әсіресе АҚШ-тың отаршыл әрі үстемшіл үкіметін толығымен жойғанға дейін жалғастырады",-деп қуатталды.

Қарарда сондай-ақ, Иран халқының АҚШ пен сионистік режимнің зорлық-зомбылығына ұшыраған халықтар мен үстемшіл жүйемен күресіп жатқан қарсыласу қозғалысын жан-жақты қолдауды жалғастыра беретіні айтылды.  

 

Nov 04, 2018 21:58 Asia/Almaty
Сараптама