ИИР президенті әлемдік үстемшілдікпен күрес күнін атаудың халықтың ислам революциясы мен оның армандарына деген ықыласы мен қызығушылығын білдіретінін айтты.

Хасан Рухани жексенбі күні Министрлер кабинетінің отырысында сөйлеген сөзінде халықтың Хосейннің қырқына арналған "Арбағин" рәсімі мен он үшінші абан күнгі рәсімдерге жаппай қатысқанына алғыс білдіріп, осындай ерекше күндердегі рәсімдерге халықтың салтанатты түрде қатысуының маңызды жолдауларға ие екендігіне тоқталып: "АҚШ-тың дұшпандықтары күшейіп, "Ортақ қадам" келісімінен біржақты түрде шығуы мен ислам революциясы жеңісінің 40-шы жылдығы қарсаңында "Үстемшілдікпен күрес күніне" орай арнайы рәсімдер ұйымдастыру халықтың ислам революциясы мен оның армандарына деген ықыласы мен АҚШ-тың дұшпандықтарынан хабардарлығын көрсетіп отыр.

Халықтың жыл сайын салтанатты түрде өткізілетін "Арбағин" күнгі жаяу жүру және аза тұту рәсімдеріне жаппай қатысуы Иран халқының пайғамбар (с.ғ.с) әулетімен терең байланысы мен Аба Абдолла әл-Хосейннің (ғ.с) ирандықтардың жүрегінен алатын жоғары орнын көрсетеді",- деді.

 

Тегтер

Nov 05, 2018 17:53 Asia/Almaty
Сараптама