• Зарифтің Иран халқына арнаған жолдауын сараптау

Иран СІМ АҚШ санкцияларының екінші кезеңі жүзеге асырылғаннан бір күн өткен соң сөйлеген сөзінде тіпті, өз халқына саясаттарының олардың мүддесіне сай екенін дәлелдей алмаған АҚШ үкіметінің басына жаман күндердің туатындығына кәміл сенетінін айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Иран халқына арнаған видео жолдауында: "Иранның тарихты қалыптастырушы халқы талпыныс, өз күшіне сенім және табандылық арқылы тарихи өзгерістер бағытын өзгерте алатынын көрсетті. Осы жолы да дәл осы тәжірибе қайталанып, америкалықтар Трамп үкіметінің ақылға сыймайтын әрекеттері үшін өкінетін болады",- деп баса айтты.

Иранның мұнай өнеркәсібі, банктік байланыстары мен сауда айналымын нысанаға алған АҚШ санкцияларының екінші кезеңі қарашаның бесі күні күшіне енді. Иран халқын тікелей нысанаға алған бұл санкциялар бірде-бір ахлақтық және халықаралық заңдарға сәйкес келмейді. АҚШ президенті Дональд Трамптың заңға томпақ, аймақтан тыс біржақты әрекеттері оның әлемдік бағытқа қарсы әрекет етіп жатқанын білдіреді.

Трамп үкіметінің халықаралық заңдарды елемеуі мен күш көрсету жолындағы әрекетінің салдары тек Иранға ғана бағытталғанымен бұл мәселе басқа мемлекеттерге де әсерін тигізеді. Климаттық өзгерістер жайлы Париж келісімінен шығуы мен сауда соғысы осы пікірді растап отыр.

Осыған байланысты Иран СІМ-нің Саяси және халықаралық зерттеулер орталығының басшысы Мұхаммад Казем Саджадпур Лондондағы Chatham House институтында: "АҚШ үкіметі Еуропа басшыларына басымдық таныту көзқарасын ұстанады. Еуропа елдерінің басшылары АҚШ-тың біржақты әрекеттеріне қарсы біртұтас әрі жылдам шара қолдануы тиіс",- деді.

АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімінен шығуы салдарынан халықаралық қауымдастық Дональд Трамптың бүлдіргі саясаттарына қарсы тұруға қатысты ортақ шешімге келді. Бұл әдіс АҚШ-тың қазіргі үкіметінің әлеммен "қырғи қабақ соғысы" сарынында сөз сөйлемеуі үшін бұрынғыдан көбірек іс жүзінде шара қолдануды қажет етеді. Осы сарындағы сөздерге қарсылық Еуропадан бастап, Азия мен Африка құрлықтарынан естілді. Бұл Трамптың зорлықшыл саясаттарын қойғызудың бір белгісі.

Бұл әдіс Иран үкіметі мен халқының ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін ұстанған негізгі бағыты болды. Ислам революциясының жеңісінен кейінгі 40 жылдық тәжірибе Иран халқының зорлық-зомбылыққа бойсұнбайтынын дәлелдеді. Тарихи тәжірибе негізінде Зариф ел халқына арнаған жолдауында табандылық және тәуелсіздік арқылы Трамп үкіметін АҚШ-тың бұрынғы үкіметтері секілді өкіндіретінін баса айтты.

Иман, өзіне деген сенім, тәуелсіздік талап ету рухы мен езгі мен қанауды жою Иран халқының бойындағы қасиеттер саналады. Бұл қасиеттер ислам революциясы өмірінің сезімтал кезеңдерінде, атап айтқанда Саддам басқарған БААС режимінің Иранға қарсы таңған сегіз жылдық соғыс кезеңінде жақсы көрініс тауып, тарих бойында бұрынғыдан бетер арта түсті.

SKY News арнасы сейсенбі күні сарапшылардың сөздеріне сілтеме жасап: "АҚШ-тың «ең ауыр санкциялар» деп аталған шаралары Иранды тізе бүктіре алмайды. Иранның Вашингтонның алдына құрдай жорғалап баруына себеп болмайды",- деп мәлімдеді.

АҚШ-тың 2018 жылдың қарашаның бесі күні ұсынып, бірнеше жайт бойынша жаңсақтық жіберген санкцияларының тізімі қорлануды қаламай, барлық қиындықтарға қарамастан күш көрсетушілерге қарсы нық қадам басып келе жатқан Иран халқының өз революциясының құндылықтарына беріктігінің АҚШ-тың қазіргі басшыларының ашуын тудырғанын көрсетеді.

 

 

Тегтер

Nov 07, 2018 20:55 Asia/Almaty
Сараптама