• Үстемшіл жүйе қарсыласу қозғалысынан жеңіледі

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал Мохаммад Али Джафари басқа елдердегі күрескерлерді ұлықтауға арналған үшінші рәсімде сөйлеген сөзінде мұсылман халықтардың қарсыласуы мен табандылығының үстемшіл жүйе мен сионистік желінің билігін күл-талқанын шығаратынын баса айтты.

Генерал Мохаммад Али Джафари сөзінің жалғасында: "Шиіттердің мақтанышқа толы тарихы әрдайым ержүректігімен көзге түскен ұлы адамдардың есімдеріне толы. Олар Ашура жолында Ислам ақиқатына жандарын қиып, дер кезінде талпыныс жасап, қарсыласу мен табандылықтың туын желбірету арқылы Мұхаммадтың (с.ғ.с.)  таза Исламын асқақтатудан басқа ештеңе ойламады.

Мағниелер мен ходжаджилер сияқты қарсыласудың биік рухқа ие болған шәһидтерінің талпыныстары мен жанпидалығы және шейх Ибрахим Закзаки сияқты күрескерлердің табандылығы  мен Алла жолындағы басқа да мыңдаған күрескер революцияшыл исламды әлемдік жүйеде ізгілік пен айбынның орбитасына орналастырды",-деді.

Бөгде елдердегі күрескерлерді ұлықтауға арналған үшінші рәсім әлемнің 28 елінен келген 85-тен астам ғалым, әскери және азаматтық салалардың лауазымды тұлғалары, Ливан, Сирия, Нигерия және Палестинада шәһид болғандардың жанұяларының қатысуымен Дамған университетінде өтті.  

 

Тегтер

Nov 08, 2018 19:57 Asia/Almaty
Сараптама