• Зариф: Адамзатқа қарсы қылмыстары үшін АҚШ айыпталуы керек

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы қайта санкция салуына реакция білдіріп, Твиттердегі парақшасында: «АҚШ адамзатқа қарсы қылмыстары үшін айыпталуы керек»,- деп жазды.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні таңертеңгі жолдауында: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иран халқының азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуына қажет банктік қызметтерден айрылуына жеткізетін Вашингтонның заңсыз санкцияларының салдарларына Иран үкіметін жауапты деп атады. АҚШ-тың заңсыз әрекеттеріне қарамастан Иран үкіметі халықты қажеттіліктерімен қамтамасыз етеді. Бірақ, АҚШ бұл қылмыстары үшін жауапқа тартылуы керек»,- деді.

Иранның мұнай, банктік қызмет  және сауда айналымына қатысты АҚШ-тың санкцияларының екінші кезеңі қарашаның бесінен бастап іске асырылды. Санкциялар тікелей Иран халқын нысанаға алып отыр. 

 

 

Тегтер

Nov 09, 2018 19:53 Asia/Almaty
Сараптама