Ислам революциясының жетекшісі әлемдегі қазіргі соғысты ерік-жігерлердің соғысы деп атап: «Мүгедек спротшылар өздерінің құнды әрекеттерімен күш-қуат пен мәдени тәуелсіздікке ие екендіктерін көрсетті»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Индонезияда өткен Пара олимпиада – 2018 ойындарында медаль алған ирандық спортшылармен кездесуінде мүгедек қаһармандарды марапаттап, оларды ерік-жігерлері мен көзге көрінбейтін мүмкіндіктерін паш етушілер деп атады.

Аятолла Хаменеи мүгедек спортшылардың, соның ішінде әйел спортшылардың діни және ұлттық құндылықтарын қорғау саласындағы өздеріне деген сенімдерін мақтан тұтарлық  деп бағалап: «Иранның спорт керуенінің туын көтерушілер хиджабын киген әйел немесе жамағат намазы мен жұма намазына қатысушылары арқылы әлемде күн сайын артып келе жатқан тұрақсыздыққа қарсы табандылық білдіріп,  шабуылдарға бас имегендерін көрсетті.  Кейбіреулер әлемдік майданда күпірлік пен үстемшілік шебі шабуылдарының алдында қарсыласу күштерінің жоқтығын көрсетіп, артқа шегінген жағдайда, сіздер мәдени әлеует көрсетіп, хиджаб, ұлттық және діни  киім мен пәктікті қорғадыңыздар. Мен дәл осы істеріңіз үшін сіздерге, ИИР-ның спортшылар керуеніне алғысымды айтамын»,- деді.

 

 

 

Nov 14, 2018 23:29 Asia/Almaty
Сараптама