• Иран – шығыс пен батыс мәдениеттерінің тоғысқан мекені

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Иранды шығыс пен батыс мәдениеттерінің тоғысқан мекені деп атады.

Сейіт Аббас Салехи жұма күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан көне ескерткіштерді қорғау туралы мәдени форумда Иран, Ресей және аймақ елдері арасындағы ортақ мәдени мұраларды ынтымақтастық жасау үшін жақсы мүмкіндік деп атап: "Мәдени мұраларды қайта жөндеуден өткізу, қорғау және қалпына келтіру саласындағы тәжірибелермен алмасу мәдени мұраларға бай Иран, Ресей және басқа да аймақ елдері арасындағы байланыстар үшін шынайы мүмкіндіктер тудырады",- деді.

Салехи Иранның 23 ескерткішінің БҰҰ Білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымында (ЮНЕСКО), 113 ескерткіштің материалдық емес мұраларды қорғау туралы конвенцияда тіркелгенін, Иранның көне өркениеті ескерткіштерінің Ресей мен басқа да аймақ елдерінде кеңінен таралғанын айтты.

 

 

Тегтер

Nov 17, 2018 16:30 Asia/Almaty
Сараптама