• Иранда «Табиғаттың әсемдігі» атты топтық фотосурет көрмесі өтіп жатыр

ИИР Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Pars Today ақпарат сайтының Рей қаласындағы «Вела» мәдениет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Жас фотографтар қоғамының ұйымдастыруымен сенбі, 17 қарашада осы мәдениет үйінде «Табиғаттың әсемдігі» атты 6-шы фотосурет көрмесі басталды.

Көрменің хатшысы әрі әділ қазылар алқасы мүшелерінің бірі Джавад Елминианың айтуынша, көрменің іріктеу кезеңінде 270 үміткерден әртүрлі фотосуреттер келіп түсткен. Соның ішінен 47 туынды таңдалған. Суреттер «Иран табиғаты» тақырыбында сандық техника негізінде 50х70 көлемде шығарылып, көрмеге қойылды.   

Айта кететін жайт, қазақстандық әуесқой фотограф Гауһар Омарханованың Иранның Хамадан облысындағы «Әли Садр» үңгірінде түсірген екі суреті де осы көрмеге қатысып жатыр.    

«Табиғаттың әсемдігі» атты топтық фотосурет көрмесі 29 қарашаға дейін жалғасады.   

Nov 18, 2018 20:46 Asia/Almaty
Сараптама