ИИР Президенті Рухани Иранның азаттығы мен тәуелсіздігін сақтап, АҚШ-тың алдында бас имейтінін баса айтты.

ИИР Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысының Хой ауданы халқының алдында сөйлеген сөзінде дұшпандардың экономикалық қысым жасап, қиындық тудыру арқылы Иран халқының биік мақсаттарға жету жолындағы талпыныстарын тежей алмайтынын айтып: "Иран халқы Ислам революциясының қырық жылдығын мақтанышпен атап өтіп, әлем халқына оның салтанатын көрсетеді",-деп қуаттады.

ИИР Президенті бүгінде әлемнің барлық елдері мен халықтарының АҚШ-тың зұлым шараларына қарсы екенін айтып: "АҚШ Иран халқының аймақтағы басқа бауырлас халықтармен қарым-қатынасын әлсірете алмайды. Өйткені, мұсылмандардың барлығы бір-бірінің жанынан табылады.

Иран халқымен бірге Ирак, Сирия, Ливан, Йемен, Ауғанстан, Пәкістан мен ислам әлемінің барлық халықтары өздерінің тәуелсіздігі мен иманын сақтап, ислам жолында табанды болуды көздеп отыр. Аймақтағы барлық халықтар табандылық танытса, үстемшілдер жеңіледі",-деді.

ИИР Президенті Иран лаңкестердің аймақты басып алуына кедергі жасауына дұшпандардың ызалы екенін айтып: "Мұсылмандар Ираннан қай кезде көмек сұраса, ИИР өз міндетін атқарып, оларға лаңкестікпен күрес кезіндегідей жәрдемдесетін болады",-деді.  

 

Тегтер

Nov 19, 2018 20:03 Asia/Almaty
Сараптама