Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрінің қатысуымен сейсенбі күні мина мен торуылға қарсы "Туфан" сауытты көлігінің тұсаукесері өтті.

Бұл көлік жауынгерлік қолдау және соғыс аймақтарындағы қозғалыстарға арналған жоғары жылдамдыққа ие, тік және көлденең еңістермен қозғалып, кедергілерден оңай өте алатындай етіп жасалған.

Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатамидің айтуынша, "Туфан" көлігі минаның жарылуы мен жарылғыш тұзақтарға қарсы тұру қабілеті мен бірнеше килограмм тринитротолуол (TNT) қуатына ие және болат өзекті әртүрлі оқтарға қарсы қорғаныс жабынымен жабдықталған.

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі сондай-ақ, "Туфан" көлігінің жоғары қозғалғыштығы және кедергілерден өту қабілетімен қатар, тереңдігі 1-1,5 метрге жететін су арналарынан және 50 сантиметрлік тік кедергілерден де өте алатынын айтты.

Мина мен торуылға қарсы "Туфан" көлігі 10 жолаушымен сағатына 100 шақырым жылдамдықпен дөңгелектері жарылған күйде 50 шақырым радиуста әрекет ете алады.

 

 

 

Nov 20, 2018 23:11 Asia/Almaty
Сараптама