ИИР-ның Төтенше жағдай ұйымының баспасөз өкілі Моджтаба Халеди дүйсенбі күні таңертең Керманшаһ облысында болған 6.4 балдық жер сілкінісі салдарынан 553 адамның жараланғанын хабарлады.

Рихтер бағамы бойынша 6.4 балдық жер сілкінісі жексенбі күні сағат кешкі сегізден кете Иранның батысындағы Керманшаһ облысының Сарпол Заһаб қаласында болды.
Бұл жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте болған. Сарпол Заһабта болған Рихтер бағамы бойынша 6.4 балдық зілзала Иранның батыс және солтүстік-батыс аумақтары мен Ирактың кейбір басқа аймақтарында да сезілген. 
Керманшаһ облысындағы медицина университетінің ректоры Махмұд Реза Морадидің мәлімдеуі бойынша, жарақат алғандардың басым бөлігі амбулаториялық ем алған.
Қазір Керманшаһ облысының барлық жолдары ашылып, қозғалыс қалпына келітіріліп жатыр.

 

 

Тегтер

Nov 26, 2018 14:39 Asia/Almaty
Сараптама