ИИР президенті Иранның барша мұсылмандарға достық пен бауырластық қолын созатынын айтты.

Хасан Рухани жексенбі күні жүйе басшылары және "Ислам бірлігі" атты 32-ші конференцияға қатысушы қонақтар мен мұсылман елдерінің елшілері және халықтың түрлі топ өкілдерімен кездесуде: "Дұшпандар Иранның ислам революциясына дейінгі жылдардағыдай әрекет етіп, аймақтың мазлұм халықтарына қолдау көрсетпеуімізді қалайды. Алайда ислам республикасы Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) жолын қуып, алпауыт мемлекеттердің қысымдары мен санкциясынан қорықпайды",- деп мәлімдеді.

Рухани Иранның өз көршілерін бауырларындай көріп, аймақ қауіпсіздігін өз қауіпсіздігі санайтынын баяндап, үстемшілдердің лаңкес жалдамалылары арқылы аймақта тынышсыздық тудыру және Иран халқына санкция арқылы қысым келтіру жолындағы талпыныстарының сәтсіздікке ұшырайтынын, аймақтағы айлакер нәсілшілдердің Палестина халқын күн сайын қырып-жойып, Йемен халқын бомбалап жатқанына тоқталып: "ИИР-ның қалауы бірлік, ынтымақ, рақымшылық пен даналық. Бұл құндылықтарға тек Ислам пайғамбарының (с.ғ.с) қамқорлығымен ғана  қол жеткізуге болады",-деп баса айтты.

 

Тегтер

Nov 26, 2018 14:52 Asia/Almaty
Сараптама