Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні жүйе басшылары, "Ислам бірлігі" атты 32-ші конференцияға қатысушы қонақтар, мұсылман мемлекеттерінің елшілері мен халықтың түрлі топ өкілдерімен кездесуінде зияткерлер мен діни үлемдерге берген кеңесінде: «Қолдарыңыздан келгенше аймақтағы исламдық ояну мен қарсыласу қозғалысын күшейтіңіздер. Себебі, аймақты құтқарудың жалғыз жолы осы ой мен рухты кеңінен таратумен байланысты»,- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи алпауыт мемлекеттердің мұсылман халықтарының оянуынан қатты қорқатындығына сілтеме жасап: "Халықтың жүрегі мен жанын ислам діні баурап алған кез келген жерде үстемшілдік таяқ жеді. Енді бұл аймақта да исламдық оянудан соққыға ұшырайды",- деді.

Хазірет ислам діні мен Құранға бағынудың орнына АҚШ-қа бағынып отырған кейбір аймақ елдерінің бар екендігін айтып: "АҚШ өзінің үстемшіл болмысы негізінде бұл елдерді кемсітіп, қорлап отыр. АҚШ президенті Сауд Арабиясының билеушісін сауын сиырға теңегенін естідіңіздер",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі осындай қорлау мен кемсітушілікті Сауд Арабиясы халқы мен аймақтың мұсылман халықтарына тіл тигізу деп атап: "Кейбір мұсылман билеушілері Палестина мен Йемендегі қылмыстық әрекеттерде АҚШ-пен бағыттас болды. Бірақ, Палестина мен Йемен халықтарының міндетті түрде жеңіске жетіп, АҚШ пен одақтастарының жеңіліске ұшырайтыны шәксіз",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ, Иран халқының барлық қиындықтар мен қысымдарға қарамастан 40 жыл бойғы қарсыласуын мадақтап, АҚШ пен сионистік режимнің Иран халқына қоқан-лоққы жасау арқылы үлкен қателік жасап отырғанын мәлімдеді.

 

Nov 26, 2018 16:18 Asia/Almaty
Сараптама