ИИР Әскері Теңіз күштерінің қолбасшысы бүгінде Иранның теңіз қорғанысы саласы мен теңіз бетіндегі және сүңгуір кемелерге қатысты құрал-жабдықтарды елде шығарып, өз-өзін қамтамасыз ететін деңгейге жеткенін айтты.

Адмирал Хосейн Ханзади сейсенбі күні теңіз күштері қолбасшыларының имам Хомейнидің  армандарына беріктігі туралы қайта ант беру рәсімінде Иранның құрал-жабдық жасап шығару саласында толығымен өз-өзіне жеткілікті деңгейге жеткенін, мұның санкциялардың Иранға мүлдем әсер етпейтінін, оларды аяқ асты еткенін көрсететінін мәлімдеді.

ИИР Әскері Теңіз күштерінің қолбасшысы х.ш.ж.с.б 1388 жылы "Джамаран" эсминецінің жасалғанына сілтеме жасап: "Революциядан кейін Теңіз күштерінің әскери-қорғаныстық құрал-жабдықтары өндірісті жергіліктендіру негізінде шығарылып, Иранның Теңіз күштері жағалаулардан еркін суларға шықты",-деді.

Адмирал Ханзади әскери кемелер мен соғыс құрал-жабдықтары құрылысында шектеудің болмайтынын, Иран Қорғаныс министрлігінің Теңіз өнеркәсібі осындай соғыс құрал-жабдықтарының құрылысы жөніндегі жобаны қадағалайтынын айтты.

Х.ш.ж.с.б азар айының жетінші жұлдызы, сәйкесінше қарашаның жиырма сегізі зымыран ұшыру қондырғысы бар "Пейкан" фрегаты экипажының ерлігіне байланысты ИИР Әскері Теңіз күштерінің күні деп аталған.

 

 

Nov 27, 2018 21:54 Asia/Almaty
Сараптама