• Қарулы күштердің Бас қолбасшысы: Дұшпан тіпті Иран халқына қоқан-лоққы жасай алмайтындай іс жасаңыздар

Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы ИИР Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшыларымен кездесуінде оларға күштері мен дайындықтарын дұшпан тіпті Иран халқына қоқан-лоққы жасай алмайтын деңгейге дейін арттыруға кеңес берді.

Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи қарашаның 28 – Иран Теңіз күштері күніне байланысты өткен кездесуде мүмін әрі талапкер жастарға сүйенуді елдің барлық бөлімдерінің, соның ішінде Қарулы күштердің қиындықтарын шешеді деп, бұл саладағы жұмыстар мен дайындықты екі есе арттыру керектігін қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі дұшпандар мен бәсекелестердің ИИР-на қарсы көптеген қастықтарына тоқталып: «Бұл шындық пен артта қалуды толтырудың қажеттілігі жүйенің барлық салаларындағы, соның ішінде Теңіз күштеріндегі белсенділікті арттыру қажеттігін көрсетеді»,- деді. Аятолла Хаменеи Армияның, әсіресе Теңіз күштерінің Ислам революциясының жеңіске жеткен күнінен осы кезге дейін жетістіктерін орасан деп бағалап: «Теңіз күштерінің қазіргі буыны өз бастамалары мен мүмкіндіктеріне иман келтіріп, «Саханд» эсминеці мен «Фатх» және «Ғадир» сүңгуірлерін теңіз күштеріне қосуы күннен күнге дамуға болатын мүмкіндікті көрсетеді»,- деді. Аятолла Хаменеи Иран Қарулы күштерінің дайындығының артуын дұшпанның алаңдауының себебі деп атап: «Ислам республикасы ешкімге қарсы соғыс бастамайды, бірақ өз күш-қуатын дұшпан Иранға қарсы шабуыл жасаудан қорқатындай арттырады»,- деді.

 

 

Тегтер

Nov 28, 2018 22:50 Asia/Almaty
Сараптама