• Иранның Теңіз флоты екі сүңгуір кемемен толықтырылды

ИИР Әскері Теңіз флотына "Ғадир" класына жататын екі сүңгуір кеме қосылып, жүк тиелімдері тасымалын жүзеге асыру үшін сақадай сай тұр.

ИИР Әскері Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хосейн Ханзади бейсенбі күні Бандар Аббастағы Теңіз күштерінің бірінші аймағында "Ғадир" атты екі сүңгуір кеменің Теңіз флотына қосылу салтанатында сөйлеген сөзінде: "Қазір Иран Әскерінің Теңіз күштері мен Сақшылар корпусы өте қуатты. Бұл күштер бір-бірімен ынтымақтастық жасап, еліміздің Парсы шығанағы, Хормоз бұғазы мен Оман теңізі маңындағы аймақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.

ИИР-ның әскери кемелер тобы кемелерді теңіз қарақшыларынан қорғау мақсатында мұның алдында Аден шығанағында қызмет атқарды. Жылына алты флотилия сол аймаққа жіберілді",-деді.

 

 

Тегтер

Nov 29, 2018 18:08 Asia/Almaty
Сараптама