• Теһранда

XV "Қарсыласу" халықаралық кинофестивалі (Resistance International Film Festival) жұма күні кешке Теһранда түрлі бөлімдер бойынша үздік туындыларды марапаттау арқылы жұмысын аяқтады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Иран фильмдері" бөлімі бойынша "Үздік режиссура" үшін құрмет грамотасы мен мүсінше және ақшалай сыйлық "Абу Ғрейб бұғазы" фильмінің режиссері Баһрам Тавакколиге бұйырды.

"Үздік актерлік ойын" номинациясы бойынша фестивальдің мүсіншесі мен құрмет грамотасы "Дайан" фильмінде ойнаған Насер Бабаянға ұсынылды.

Саид Малекан "Абу Ғрейб бұғазы" фильмі үшін "Үздік фильм" номинациясы бойынша құрмет грамотасы және естелік мүсіншемен марапатталды.

"Қарсыласу" фестивалінің "Халықаралық фильмдер" бөлімінде Басил әл-Хатиб "Әке" фильмі үшін "Үздік сценарий" номинациясы бойынша, Ким Дружинин мен Андрей Шальопа "28 панфиловшы" туындысы үшін "Үздік режиссура" номинациясы бойынша құрмет грамотасы мен естелік мүсіншемен марапатталды.

"2018 жылдың Қарсыласу қозғалысының тұлғасы" атты мүсінше Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық ерікті күштер ұйымы басшысының орынбасары АбуМәһди әл-Моһандеске берілді.

 

 

Тегтер

Dec 01, 2018 15:00 Asia/Almaty
Сараптама