Иран Вице-президенті Джахангири: "Иранда ғылым мен технология бейбіт әрі гуманистік мақсатта дамуда. Ол ешқашан ақлақтан тыс бүлдіргі сипатта болған емес",-деді.

Иран Вице-президенті Исхақ Джахангири Теһранда III Халықаралық діңгекті жасушалар конгресінің жабылу рәсімінде: "Ядролық мәселеге қатысты Иранға әділетсіз айып тағылды. АҚХА өзінің есептерінде Иранның ядролық жұмыстарының халықаралық ережелерге сай екенін жариялады",-деді.

Джахангири АҚШ-тың Иранға қарсы әділетсіз санкцияларына тоқталып: "Ирандықтар қоқан-лоққыларды мұрсаттарға айналдырып, алдағы кедергілердің елде жаңа ғылым мен технологиялардың дамуына тосқауыл болуына жол бермейді",-деді.  

Иран Вице-президенті елдің оқыған адамдар тұрғысынан теңдессіз жағдайға ие екенін, Иранның ғылым мен технологияны дамыту үшін әлемнің ғылыми орталықтарымен әріптестік жасауға мүдделілігін айтты.

Сәрсенбі күні Теһранда басталған III Халықаралық діңгекті жасушалар конгресі бүгін, сенбі күні аяқталды.

 

Dec 01, 2018 21:28 Asia/Almaty
Сараптама