Ислам революциясының жетекшісі 27-ші Намаз Конгресіне жолдауында Конгресті намаз парызының құқықтық белгісі деп атады.

Бүгін, сәрсенбі күні Семан облысындағы діни жетекшінің өкілі аятолла Сейед Мұхаммад Шахчерғи қырағат еткен Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің Намаз Конгресіне арналған жолдауында: «Жыл сайын өтетін намаз Конгресі бір жақтан намаз парызының құқықтық белгісі болып, басқа барлық діни міндеттерді жаңдандырып, оларды тиімді етсе, басқа жақтан бұл илаһи сыйдың қадірін білмей, оған немқұрайдылық танытқандар үшін үлкен қызмет. Намаз түсінікпен қарапайым түрде оқылса, қоғамды өзгерте алады»,- деп айтылған.

Ислам революциясының жетекшісі жолдауда «Біздің қиындықтарымыз бен ластықтарымыздың маңызды бөлімі осы шындыққа дұрыс көңіл бөлмеуімізбен байланысты. Сондықтан намазды барлық әсерлі жолдар арқылы тарату – баршаның үлкен міндеті»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи білім және тәрбиемен айналысатын органдарды намазды тарату саласындағы әсерлі органдардың бірі деп атап: «Мектептер жасөспірімдердің намаз оқуына көбірек көңіл бөлуі кеерк. Өйткені, бұл – қоғам келешегінің саулығының ең жақсы кепілі»,- деді.

 

  

 

Dec 05, 2018 15:11 Asia/Almaty
Сараптама