Иран Сыртқы істер министрі Ислам рсепубликасының өзінің зымырандық күш-қуатын әрқашан қуаттағанына тоқталып, Иранның қорғаныс әлеуетін келіссөз жүргізетін тақырып емес деп атады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні журналистерге берген сұхбатта: "Иранның қорғаныс күші туралы уәж айтатындар Батыс Азия аймағына миллиардтаған долларға қару сатып, бұл аймақтың бейберекеттігіне себеп болғандар. Ешбір мемлекет тәуелсіз әрі алпауыт ел Ираннан қорғаныс құралдарына ие болмауды талап ете алмайды",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ, Иранның зымырандық мәселесіне қатысты АҚШ-тың әрекеттеріне тоқталып, америкалықтардың сан рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарының Иранның зымырандық белсендігіне тыйым салмайтынын мойындағанын айтты.

Зариф Еуроодақтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты жаңа шешімі туралы: "Қорытынды келісімдер жасалды. Жақын арада Иран мен Еуропа арасындағы қаржы айналымын қамтамасыз ететін механизм анықталады. Еуропалықтар нәтижеге жету үшін бұл кезеңді құпия қарастырғылары келеді. Өйткені, америкалықтар мәліметке ие болса, кез келген өзгеріске қысым жасауға әрекеттенеді",- деді.

 

 

 

 

 

Тегтер

Dec 05, 2018 21:21 Asia/Almaty
Сараптама