• Джахангири: Иран өз мұнайын басқа елдерге сатады

ИИР Вице-президенті АҚШ-тың Иранға қарсы әділетсіз санкцияларына тоқталып, Иранның басқа сатып алатын елдерді тапқанын, өз мұнайын соларға сататынын айтты.

Исхақ Джахангири сәрсенбі күні Жапонияның «Киодо» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Иран мұнайы сатылымын нөлге жеткізе алмайтынын қуаттап, Иранның Ресей, Қытай мен басқа елдерге көбірек мұнай сату туралы шынайы келіссөздерді бастады.

Егер Иран өзінің негізгі табыс көзінен айырылатын болса, Теһран үнсіз қалмай, тиісті уақытта тиісті шара қолданады»,-деп қуаттады.

Иран Вице-президенті, сондай-ақ, Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің Теһранға сапарын құптап, Иранның жапондық компаниялармен келіссөз жүргізуге әзірлігін мәлімдеді.

 

 

Тегтер

Dec 06, 2018 15:25 Asia/Almaty
Сараптама