• Иран мен Қазақстан экономика саласындағы  ынтымақтастықтарын арттырады

Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхедтің Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасы басшысының орынбасары мен Қазақстанның Горгандағы Бас консулы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтарды арттыру қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммадреза Таваколизаде сәрсенбі күні Қазақстанның Горгандағы Бас консулы Айтжан Айдашевпен кездесуде Қазақстан мен Иранның өткен жылдарғы қарым-қатынасын жақсы деп бағалап, байланыстардың экономикалық қарым-қатынастың одан ары дамуына жағдай жасай алатынын айтты.

Таваколизаде, сондай-ақ, Мешхедтің Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының Қазақстанмен әртүрлі салаларда, соның ішінде шекарадан тыс жерде егін егу жобасы бойынша әріптестікті дамытуға әзірлігін мәлімдеді.  

Қазақстанның Горгандағы Бас консулы Айтжан Айдашев та екіжақты әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттап, Иран мен Қазақстанның қала құрылысы, жол салу, егін және мал шаруашылығы, технология салаларында әріптестік жасай алатынын, Иран мен Қазақстан арасында іскерлік виза беру қызметін жеңілдету мақсатында меморандум дайындалғанын, онда екі елдің экономикалық белсенділіктері үшін виза беру үдерісін қысқарту қарастырылғанын мәлімдеді.

Иран мен Қазақстан арасындағы жылдық сауда айналымы 400 млн доллардан асады. Екі ел бұл көлемді 2 млрд доллардан асыруға талпыныс жасауда.  

 

Тегтер

Dec 06, 2018 16:45 Asia/Almaty
Сараптама