• Иранның зымырандық бағдарламасы – Руханидің еуропалықтармен қатынасындағы «қызыл сызық»

ИИР Президенті Еуропа елдеріне Иранның қорғаныс қуатының талқыға салынбайтынын айтты.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Семнан облысына жасаған сапары барысында сөйлеген сөзінде: «Егер еуропалықтар Иранның қорғаныс қуаты жөнінде сұхбаттасқысы келсе, қатынас үзіледі. Өйткені, қорғаныс қуаты елді қорғауға бағытталған»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те осы күні тілшілерге берген сұхбатында ешбір елдің Иран сияқты алпауыт тәуелсіз елден қорғаныс құралдарын иеленбеуді талап ете алмайтынын баса айтты.

АҚШ-тың мемлекеттік қайраткерлері Иран мен Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау мақсатында механизм құру туралы келісімін қабылдау қарсаңында жаңа ойын бастап, осы әріптестік пен келісімге әсер етуді көздеп отыр.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранның зымырандық сынақтарының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшылығы туралы уәждері жалпы бұл қарарда аталған тақырыпқа сілтеме жасалмаған, тек Ираннан ядролық оқтұмсықтарды тасу қабілетіне ие зымырандарды жасамау сұралған жағдайда айтылып отыр. Иран ешқашан бұл жолда әрекет еткен жоқ. Иранның зымырандары қарапайым және белгілі бір объектіні нысанаға алуға арналған әрі дұшпандардың қоқан-лоққылары алдында Иранның тежегіш қуатын нығайту мақсатында жасалып жатыр.

Мұндай мәселелерді тудыру АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелері мен №2231 қарарды орындаудағы жауапкершіліктерін бұзуын ұмыттырмайды. АҚШ-тың Ұлыбритания мен Францияның әріптестігімен Иранның зымырандық бағдарламасын талқылауда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін теріс мақсатта пайдалануы және жеңіліске ұшырауы АҚШ-тың өз міндеттемелерін орындауда салғырттық танытқанын жасыра алмайды; БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына берік болмауы салдарынан туындаған АҚШ-тың жауапкершілігін жоймайды.  

Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының атқарушы директоры Марк Фитцпатрик АҚШ Мемлекеттік хатшысының уәждерімен бір мезгілде Иранның зымырандық сынақтарының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзбайтынын қуаттады.

Иранның зымырандық бағдарламасын шектеу АҚШ-тың әрдайымғы мақсаты болып отыр. АҚШ Президенті Дональд Трамптың үкіметі әртүрлі сенаторлардың көмегімен осы мақсатқа жету үшін көп талпыныс жасауда.

АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы да осы мақсатта жасалды. Қазіргі таңда бұл саясат Ираннан үркіту және еуропалықтарды Иранға санкция салуға үгіттеумен жалғасып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуге ұласты. Алайда АҚШ пен оның демеушілерінің оғы тағы тасқа тиді.

Осындай жағдайда еуропалықтар америкалықтардың ойынына қосылмауы керек. Бүгінде еуропалықтардың тарихи міндеті – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қазіргі жағдайдан құтқару. Еуропалықтардың АҚШ-қа жақтасуы олардың қарама-қайшы қатынасын көрсетеді, өйткені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары Иранға зымырандық сынақ жүргізуге тыйым салмайды, керісінше барлық елдерден «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне берік болуды сұрайды.

Иранның зымырандық бағдарлама саласындағы қатынасы толығымен қисынды әрі принципті сипатқа ие. Қастандық жобасын құру арқылы Иранның тежегіш қуатының ең маңызды бөлігін шектегісі келетін ел «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу мақсатында нашар қатынас көрсетіп жатыр.      

 

Тегтер

Dec 06, 2018 18:08 Asia/Almaty
Сараптама