Иранның Жоспарлау және бюджет ұйымының басшысы х.ш.ж.с.б. 1398 жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы әзірленіп, бүгін бейсенбі күні Ислам Кеңесінің Мәжілісіне жіберілгенін мәлімдеді.

Мұхаммад Бағер Ноубахт бейсенбі күні х.ш.ж.с. 1398 жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын таныстыру және оның егжей-тегжейін түсіндіру рәсімінде сөйлеген сөзінде бюджет туралы заң жобасының алты бөлімнен құралғанын, олардың әрқайсысы жеке мәселелерді қамтитынын айтты.

Ноубахт келесі жылға арналған бюджеттің мақсатты бюджет екендігіне тоқталып, бюджет нақты мақсаттарда жұмсалуы үшін келесі жылға арналған мақсаттар мен бағдарламаларды анықтау керектігін қуаттады.

Иранның Жоспарлау және бюджет ұйымы басшысының орынбасары Хамид Пурмохаммади халықтың әл-ауқатын арттыруға көңіл бөлу, өндіріс саласына ерекше назар аудару, қоршаған орта және білім беруді жақсартуға қатысты мәселелерге қолдау көрсетуді алдағы жылға арналған бюджеттің басты ерекшеліктері деп атады.

 

 

Тегтер

Dec 06, 2018 22:36 Asia/Almaty
Сараптама