• Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Чабаһарда болған лаңкестік шабуылды айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы кеше Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһарда болған лаңкестік шабуылды айыптады.

Бір лаңкес бейсенбі күні Иранның Систан мен Белучистан облысындағы Чабаһар ауданында тәртіп сақтау күштерінің бөлімшесіне шабуыл жасап, жарылғыш зат тиелген автокөлікті осы ауданның тәртіп сақтау штабының алдында жарып жіберді.

Осы шабуылда екі адам шәһид болып, 28 азамат жараланды. Лаңкестік шабуыл жасаған адам өлтірілді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: «Кейбір елдерде және аймақта қатігездік пен экстремизмді тарататын ошақтарда тәрбиеленген лаңкестер бүгінде Чабаһар экономикалық аймағында адамзатқа қарсы тағы бір қылмыстық әрекет жасады. Осылайша олар бұл өңірді қауіпті деп көрсетіп, аймақ елдерінің әріптестігімен елдің шығыс шекараларында тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатып, экономикалық белсенділіктерді дамытуға бағытталған іс-шараларға зиян тигізуді көздеп отыр»,-деді.

Ғасеми танылған ошақтардың басқаруымен әрекет етіп отырған қылмыскерлер мен қанішерлердің қай жерде болса да, өте жақын арада міндетті түрде осы қылмыстың сазайын тартатынын айтты.  

 

Тегтер

Dec 07, 2018 16:38 Asia/Almaty
Сараптама