Dec 09, 2018 14:41 Asia/Almaty

Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Қытай мен Ресейдің Парламент төрағалары Теһран конференциясының қорытынды мәлімдемесінде лаңкестікпен күресу үшін ықпалдастықты арттырып, аймақтық әріптестікті нығайтуға келісті.

6 елдің Парламент төрағалары конференциясының қорытынды мәлімдемесінде БҰҰ-ның терроризм және экстремизммен күрес пен оның алдын алу үшін халықаралық әріптестікті жеңілдетуде өзекті рөл атқаратыны баса айтылды.

Осы мәлімдеменің жалғасында Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия мен Ресейдегі лаңкестік әрекеттер айыпталып, Теһран конференциясына қатысқан елдердің қауіпсіздік  ұйымдары терроризм және экстремизммен күресіп, осы құбылыстардың алдын алуға қатысты ақпаратпен алмасуы үшін арнайы механизм дайындауы керектігі айтылды.

 6 ел Парламент төрағалары Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізуге, терроризм,  экстремизм және есірткі контрабандасынан аймаққа төніп тұрған қатерлерді жоюға бар күштерін салуды құптады.   

Теһран конференциясына қатысқан елдер Джамму мен Кашмир тақырыбының Үндістан мен Пәкістан тарапынан бейбіт шешім жолы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын қажет ететінін айтты.  

6 елдің Парламент төрағалары, сондай-ақ, Палестина халқына тәуелсіз үкімет құру құқығын қайтару жолында қолдау көрсететіндіктерін қуаттады.     

 

 

Тегтер

Сараптама