Dec 09, 2018 16:31 Asia/Almaty
  • Иранға наурыздан бері 4 млн 700 мыңнан астам шетелдік турист келді

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымы басшысының туризм бойынша орынбасары 2018 жылдың 22 наурызынан 22 қазанына дейін Иранға 4 млн 700 мыңнан астам шетелдік туристің келгенін хабарлады.

ISNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымы басшысының орынбасары Вали Теймури 2018 жылдың 22 наурызынан 22 қазанына дейін Иранға 4 739 413 шетелдік туристің келгенін, олардың көбінің көршілес елдерден, соның ішінде Ирак, Әзірбайжан, Ауғанстан, Түркия мен Пәкістан азаматтары болғанын айтты.

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымы басшысы Әли Асқар Мунесан да осыдан біраз бұрын 2018 жылдың 22 наурызынан 22 қазанына дейінгі аралықта Иранға келген шетелдік туристердің өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 51 пайызға артқанын хабарлаған болатын.

 

Тегтер

Сараптама