Dec 10, 2018 00:08 Asia/Almaty
  • Теһран конференциясының мәлімдемесінде ортақ сын-қатерлермен күресу үшін аймақтық ынтымақтастықты дамыту қуатталды

Теһран сенбі күні лаңкестікпен күресу және оның алдын алу мақсатында өткен Халықаралық ынтымақтастық конференциясында азиялық 6 ел Парламенттері төрағаларының басын қосты.

Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Қытай мен Ресейдің Парламент төрағалары Теһран конференциясының соңында жариялаған мәлімдемеде БҰҰ-ның терроризм және экстремизммен күресіп, алдын алу үшін халықаралық әріптестікті жеңілдетуде өзекті рөл атқаратынын қуаттады.

Теһран конференциясына қатысқан елдердің әрқайсысы лаңкестіктен зардап шекті. Мұнымен бір мезгілде бұл елдер лаңкестікпен күрес жолында әріптестік жасау үшін құнды тәжірибелерге ие. Бұл тәжірибені лаңкестіктің тамырын жою үшін пайдалану өте маңызды.

Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Қытай мен Ресейде болған лаңкестік шабуылдар ортақ қауіпті айқын көрсетіп отыр. Бұл қатермен күресу ұжымдық әріптестікті қажет етеді.  Теһран конференциясында осы мәселеге қатысты көтерілген тақырыптар алты елдің терроризм және экстремизммен күресіп, алдын алуға қатысты ақпаратпен алмасу үшін арнайы механизм дайындау арқылы әріптестікті арттыруға әзір екенін көрсетті.

Қазіргі таңда шынайы екі қатер, яғни лаңкестік және аймақта лаңкестік топтарды қаржымен қамтамасыз етіп отырған есірткі контрабандасы бар. Оның басым бөлігі Пәкістан мен Ауғанстанда орналасқан. Оның салдары басқа елдерге әсер етіп жатыр. Сол себепті Теһран конференциясына қатысқан алты елдің Парламент төрағалары Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізуге, терроризм, экстремизм және есірткі контрабандасынан аймаққа төніп тұрған қатерлерді жоюға бар күштерін салуды құптады.

Өздерін лаңкестікпен күресуші санайтын АҚШ пен кейбір елдер шын мәнінде біржақтылықты көздеп, лаңкестікті құрал ретінде пайдаланып отырғандарын біледі. Мұндай қатынастар аймақ елдерінің лаңкестікпен күресу үшін аймақтық жүйе құруды ойластыруына себеп болды. Мұның айқын үлгісі – Иран, Түркия мен Ресейдің Сирияға қатысты әріптестігі. Бұл сәтті үлгі болды.

Иран Президенті Хасан Рухани  аймақтың 6 елі Парламент төрағаларының екінші конференциясының ашылу салтанатында ИИР-ның құрылғаннан бері лаңкестіктің ең үлкен құрбаны ретінде осы сұрқия құбылыспен бетпе-бет келіп отырғанын айтып, мықты аймақ құру үшін 7 шешім жолын ұсынып, Теһранның мықтырақ аймақ құруға атсалысуға әзірлігін мәлімдеді.  

Қытайдың ақпарат сарапшысы Ли Хиан Иранның лаңкестікпен күрестегі айқын рөліне тоқталып, Иранның аймақтағы лаңкестікпен күрестегі рөліне көз жұма қарауға болмайтынын айтты.

Ли Хиан лаңкестіктің аймақ елдерінің барлығына қауіпті екенін айтып, ИИР-ның аймақта қауіпсіздік орнату жолындағы талпыныстарының маңыздылығына тоқталып, лаңкестікпен күрес әлсірейтін болса, әлемнің әртүрлі елдері тынышсыздық қатеріне ұшырайтынын мәлімдеді.     

 

Сараптама