Dec 10, 2018 15:28 Asia/Almaty
  • Рухани: ОПЕК-ке мүше елдердің қарсыласуы америкалықтарды тағы жеңіліске ұшыратты

ИИР президенті жексенбі күні кешке Үкімет мүшелерімен өткізген отырыста Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) мүше мемлекеттердің қарсыласуын америкалықтарды тағы сәтсіздікке ұшыратқанын баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани бұл отырыста Иранның Мұнай министрі Бижан Занганенің ОПЕК-тің жуырда өткенн отырысы жайлы есебін тыңдағаннан кейін: "Америкалықтардың ОПЕК-тің ішкі істеріне араласуы мен мұнай ұсынысы теңгерімін құруға кедергі жасауға бағытталған талпыныстарына қарамастан, ОПЕК-ке мүше елдердің қарсыласуы мен ИИР-ның күш салуының арқасында америкалықтардың жоспары залалсыздандырылып, олар тағы да сәтсіздікке ұшырады",- деді.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) мүшелері жұма күні Венада мұнай өндірісі көлемін күніне 800 000 баррельге, ал ОПЕК-ке мүше емес елдер мұнай өндірісі көлемін 400 000 баррельге қысқартуға келіскен болатын.

Иран, Венесуэла мен Ливия бұл келісімді жүзеге асырудан босатылды.

 

 

Тегтер

Сараптама