Dec 11, 2018 13:05 Asia/Almaty
  • Ғасеми Иран азаматтарынан әзірше Грузияға бармауды сұрады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Тбилиси әуежайы полициясының бір ирандық әйелге құрметсіздік көрсеткеніне наразылық білдіріп, Иран азаматтарынан әзірше Грузияға бармауды сұрады.

Грузияның астанасы Тбилиси әуежайының полициясы еш себепсіз бір ирандық әйелдің әуежайға кіруіне кедергі жасап, оны 20 сағат қамауда ұстап, оған бұрын-соңды болмаған қатігез қатынас көрсетті.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні Иран СІМ-нің Грузияның әуе және құрлық шекараларында ирандықтарға көрсеткен кейбір теріс әрекеттеріне қатысты мәселелерді жіті қадағалайтынын мәлімдеп: «Иран СІМ Грузия басшыларымен ирандық азаматтарға көрсетілген құрметсіздік туралы сөйлесіп жатыр. Осы мәселеге қатысты Грузия елшісі Иран СІМ-не шақыртылды.

Ирандық азаматтар Грузияға сапардан бас тартсын. Сонда Иран арнайы механизмді пайдаланып, Грузия үкіметінің Иран азаматтарына қиындық тудыруының себебін анықтайды",-деді.

 

Тегтер

Сараптама