Dec 11, 2018 18:28 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі революцияның өскіндерін таратудың дұшпанның руханиятқа қарсы шабуылдарын сәтсіздікке ұшырататынын қуаттады.

 

Ислам революциясы жетекшісінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи  Иранның шығысындағы Оңтүстік Хорасан облысындағы шәһидтер Конгресін ұйымдастырушылармен кездесуінде бұл облысты мүміндер мен ғалымдарды тәрбиелеуші облыс деп атап,   облыс  халқының Ислам революциясы мен қасиетті қорғаныс соғысына қатысқанын еске алды.

Ислам революциясының жетекшісі  дұшпанның рухани мәселелерге шабуыл жасайтындығына тоқталып: «Революцияның өскіндері исламдық Иранның түкпір-түкпірінен байқалады. Олардың өсіп- көбеюімен соғыста жеңілгендей, дұшпан рухани құндылықтарға қарсы шабуылда сәтсіздікке ұшырайды»,- деді. Аятолла Хаменеи шәһидтерді еске алып, олардың естеліктерін жазу керектігін қуаттап: «Қадірлі шәһидтерміз өмірлерін аямай қорғаныс майданына шықты. Бүгін де өздерінің руханиятымен ел мен Исламды қорғауда. Сондықтан қасиетті қорғаныс аяқталмайды. Бұл – шындық»,- деп баса айтты.

 

 

 

 

Сараптама