Dec 11, 2018 22:51 Asia/Almaty

ИИР президенті қарашаның төртінен бастап АҚШ санкцияларының екінші кезеңі жүзеге асырылғаннан кейін де Иран мұнайы экспортының әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні билік басшыларымен өткізген отырыстан соң сөйлеген сөзінде «Америкалықтар Иран экономикасындағы үлкен құлдырауға куә болуды асыға күткен төртінші қарашадан кейін халқымыз бен елдің экономикалық белсенділері АҚШ-тың өзі зиян көретіндей әрекет етті.

Америкалықтар Иранға қарсы санкциялардың екінші легі жүзеге асырылғаннан кейін экономикалық қиындықтар мен нарық мәселелерін басқаша көруге талпыныс жасады. Алайда Орталық банк пен экономикалық сектордың жауапты басшыларының әрекеті мен халықтың қолдауына байланысты елде тыныштық орнап, бар күш халықтың қиындықтарын азайту мақсатындағы осы тыныш жағдайды сақтап қалуға бағытталды.

Биылғы жылдың сегіз айында іске асырылған экспорт былтырғы жылмен салыстырғанда жақсы көрсеткішке ие болып, экспорт көлемі 13 пайыздан асты»,- деді.

 

 

 

Тегтер

Сараптама