Dec 12, 2018 15:26 Asia/Almaty
  • Пайғамбар әулеті жақтастарының әлемдік Конгресі қорытынды мәлімдеме жариялады

Пайғамбар әулеті жақтастарының әлемдік Конгресіне қатысушылар сейсенбі күнгі қорытынды мәлімдемесінде Құран мен Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіне жақын болуды адасудан алыстататын жалғыз жол деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Исламдық ояну әлемдік ұйымының бас хатшысы Әлиакбар Велаяти Теһранда өткен халықаралық Конгрестің жабылу рәсімінде исламдық қоғамдағы іріткі салуды тоқтату мен қайшылықтарды шешу қажеттігін қуаттап: "Адасудың алдын алу үшін ислам әлемінде пайда болған «америкалық сүнниттер» және «британиялық шиіттер» деген бұрмаланушылықтардан алыстап, «илаһи жіптерге» – Құран мен Пайғамбар әулетіне жақындау арқылы Исламның ұлық пайғамбарының сүйіспеншілік пен достық жолына түсуі қажет. Адам құқығы туралы уәж айтатын АҚШ пен кейбір еуропалық мемлекеттер Йемен, Палестина мен Сирия сияқты  исламдық елдердегі зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа қарсы үнсіздік танытумен қатар кейбір араб мемлекеттерінің долларлары АҚШ пен Батыс үшін жұмыс орындарын ашып отырған жағдайда Йемендегі соғысты қолдайтындықтарын мәлімдеді»,- деді.

 

 

Сараптама