Dec 12, 2018 17:14 Asia/Almaty
  • Иран эсминец пен кеме шығаратын дамыған елдердің қатарына кіреді

Иранның Қорғаныс министрінің орынбасары әрі Теңіз өндірісі ұйымының басшысы ИИР-ның эсминец пен кеме шығаратын дамыған елдердің қатарына кіретіні туралы мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, адмирал Амир Растегари сейсенбі күні "Табриз университетінің қарсыласу доктринасын белгілеу"  атты конференцияда сөйлеген сөзінде: "Иран қарулы күштері елдегі қорғаныс жүйелерінің барлығының жергілікті екендігін, Қорғаныс және қарулы күштерді демеу министрлігінің өндіріс ұйымдарының қарсыласу экономикасының көрінісі болуын мақтаныш тұтады. Иран эсминецтер мен қанатты, радарға тсүпейтін қайықтар шығару саласында өзін толық қамтамасыз ететін деңгейге жетті",- деді.

Иранның Қорғаныс министрі орынбасарының айтуы бойынша, ирандық ғалымдардың талпыныстарымен 2019-ші жылдың ақпан айында Ислам революциясының биылғы "Фаджр" онжылдығында Теңіз күштері флотына "Фатх" сүңгуір қайығы қосылады.

 

 

Сараптама