Dec 12, 2018 21:40 Asia/Almaty
  • Исламдық Иранның дұшпандары ақлақтық және саяси бұзақылықтарға батып жатыр

Ислам революциясының жетекшісі қасиетті қорғаныс жылдары мен қасиетті кесенелерді, сондай-ақ, елдің шекаралары мен қауіпсіздігін қорғап, шәһид болғандардың отбасыларымен кездесуінде: «Исламдық Иранның дұшпандары ахлақтық және саяси бұзақылыққа батып жатыр. Егер АҚШ-ты дұрыс танығыларыңыз келсе, бұл елдің Президенті мен үкімет басындағы басқа басшыларына қараңыздар»,- деді.

 

Аятолла Хаменеи бүгін сәрсенбі күнгі кездесуінде сөйлеген: «АҚШ-тың басшыларына қараңыздар. Олардың ақшақұмар, шындықты басып-жаншушы, адамдардың өмірі мен мал-мүлкіне немқұрайдылық танытатындарын көресіздер. Йемен тек бір ғана мысал. Қылмысты саудиялықтар жасайды, бірақ Америка олардың қылмыстарына ортақ. Өзі де оны мойындағанымен ауруханалар мен базарлар және халық жиналатын басқа жерлерге шабуыл жасайды. Олар – қылмыскерлер. АҚШ-тың жүзі – осы»,- деді. Хазірет америкалықтардың өткен екі жылдағы, әсіресе Иранға қарсы жан-жақты санкция салуы мен Иранның әртүрлі дұшпандарына көмектесуіне, сондай-ақ, олардың жобаларының әшкереленгеніне тоқталып: «Олардың мақсаты – санкциялар мен қауіпсіздікке қарсы әрекеттерімен елді екі топқа бөліп, олардың арасында қайшылық пен соғыс тудырып, халықты көшелерге шығару болды. Олар жобаларын «Ыстық жаз» деп атады. Бірақ дұшпандардың мақсаттарына қайшы биылғы жаз ең жақсы жаздардың бірі болды»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ, америкалық басшылардың «Ислам республикасы өзінің 40 жылдығын көрмейді» деген сөздеріне сілтеме жасап: «Иран халқы табандылығымен 22-ші бахман күні Алланың көмегімен Ислам революциясының 40 жылдығын бұрынғы жылдарға қарағанда салтанатты өткізеді»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи сионистер мен аймақтың радикалдарын Иран халқына қарсы АҚШ-тың дұшпандық әрекеттері мен қастықтарына ортақ деп атап: «Біз олардан күштіміз. Өйткені, олар осы кезге дейін Ислам республикасына қарсы еш нәрсе жасай алмады. Келешекте де еш нәрсе жасай алмайды»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының толық қырағылықпен жағдайды бақылауға алуы мен өз ұстанымдарына табанды болу қажеттігін қуаттап: «Дауылы Еуропа мен Францияға жеткен бүгінгі дауылда Иран халқы Исламның берекесінің арқасында Исламның ұлық пайғамбары әулеті жақтастарының кемесінде орналасты. Сондықтан жеңіс осы халыққа тиесілі»,- деп баса айтты.

 

 

Тегтер

Сараптама