Dec 13, 2018 15:05 Asia/Almaty
  • Иран Наурыздан бері құны 33 млрд 800 млн доллар тұратын мұнайдан тыс тауар экспорттады

ИИР Кеден басқармасының басшысы Иранның Наурыздан бері құны 33 млрд 800 млн доллар тұратын мұнайдан тыс тауарды әлемнің әртүрлі еліне экспорттағанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Кеден басқармасының басшысы Мехди Мирафшани сәрсенбі күні кешке Иранның Орталық облысының экспорттаушыларын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Иранның өткен 8 айдағы экспорты өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 13 пайызға өскенін айтты.

Иранның Қаржы және экономика министрінің орынбасары, сондай-ақ, өткен 8 айда Иранға импортталған тауарлар құнын 30 млрд 900 млн доллар деп атады.  

ИИР Кеден басқармасының басшысы ирандық тауарларды қолдаудың нақты стратегиясын дайындау қажеттігін айтып: "Өндіріс, жұмыспен қамту, инвестиция салуды қолдау, инфляцияны тоқтату, ұлттық валютаны нығайту – елдің Қаржы және экономика министрлігінің басты үш мақсаты. Ирак, Қытай, Ауғанстан мен Үндістан – ирандық тауарларды экспорттайтын маңызды нарықтар",-деді.

 

Тегтер

Сараптама