Dec 15, 2018 16:09 Asia/Almaty
  • Теһран түркиялық инвесторлардың Иранға келуін қолдайды

ИИР президенті әкімшілігінің басшысы Махмұд Ваэзи жұма күні кешке Анкарада ирандық және түркиялық экономикалық белсенділер және инвесторлармен кездесуінде қазір Иранда әртүрлі салалар бойынша инвесторлар үшін көптеген мүмкіндіктердің бар екендігін, Теһранның түркиялық экономикалық белсенділер мен инвесторлардың Иранға келуін қолдайтынын мәлімдеді.

Махмұд Ваэзи сондай-ақ, Ирандағы қабілетті әрі кәсіби адами күштерге сілтеме жасап: "Теһран тәжірибе алмасу және ортақ ынтымақтастықтарды кеңейту мақсатында ирандық экономикалық белсенділердің Түркияның жобаларына қатысуы үшін қажет негіздерді жасайды",- деді.

Түркиядағы ирандық экономикалық белсенділер және ирандық жобаларды жүзеге асыруда әріптестік жасауға мүдделі түркиялық инвесторлар мен экономикалық белсенділер отырыста өз пікірлері мен көзқарастарын баяндады.

Иран президенті әкімшілігінің басшысы жұма күні кешке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуінде Теһран мен Анкара қарым-қатынастарының оң бағытта дамып келе жатқанын айтып, Түркия мен Иранның екіжақты, аймақтық және халықаралық байланыстар деңгейін арттыру қажеттігін қуаттады.

 

 

Сараптама