Dec 15, 2018 22:40 Asia/Almaty
  • Ирандық әйелдердің белсенді рөлі – шетелдік кинематографтар үшін тақырып

Испанияның Барселона деректі фильм фестивалінің мәдениет және бағдарлама бөлімінің директоры әйелдердің Иран қоғамында өте белсенді, мықты, әсерлі және маңызды рөл атқаратынын айтты.

"Ақиқат кинематографиясы" атты халықаралық фестивальға қатысу үшін Теһранға келген Елена Субира Рука: "Иран әйелдері мен олардың қоғамдағы ауқымды белсенділігі шетелдік фильм түсірушілерге жақсы сюжет бола алады. Иран әйелдерінің мәдениет саласындағы рөлі, жоғары білімі, әртүрлі салалардағы теңдессіз орындары, ойлау тәсілдері, өмірді басқару әдістері мен отансүйгіштіктері өте жақсы сюжет бола алады.

Иран – теңдессіз ел. Ол әлемдегі барлық мәдениеттердің бесігі саналатын өркениетке ие. Иран – бейбітшілікті сүйетін ел",-деді.

Испанияның бұл мәдени белсендісі Батыстағы кейбір ақпарат құралдарының Иранға қатысты "әйелдердің белсенділігі үшін жабық, шектеулі ел" деген қасақана сипаттамасы туралы: "Фильм мен кинематография – Иран үшін өз елі мен халқының шындықтарын әлем халықтарына жеткізуге және кейбір шетелдік ақпарат құралдарының бұрыс түсінігін залалсыздандыруға берілген қолайлы мүмкіндік",-деді.    

 

Тегтер

Сараптама