Dec 16, 2018 16:15 Asia/Almaty
  • Теһранда Халықаралық тасымал және қосалқы өнеркәсіп көрмесі жұмысын бастады

III Халықаралық тасымал және қосалқы өнеркәсіп көрмесі Теһранда 200-ден астам ирандық және шетелдік компанияның қатысуымен өз жұмысын бастады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, үш күндік көрмені өткізудегі мақсат Иранның тасымал саласындағы соңғы жетістіктері, әлеуеттері мен технологияларын таныстыруға мүмкіндік беру және елдің мамандары мен басшыларын тасымал, жол салу және сақтау саласындағы заманауи технологиялармен көбірек таныстыру деп жарияланды.

Халықаралық тасымал және қосалқы өнеркәсіп көрмесі құрлық (темір жол және тас жол), теңіз және әуе тасымалына қатысты бөлімдер, логистикалық амалдар, жол салу және сақтау мен қосалқы өнеркәсіптерді қамтиды.

Тегтер

Сараптама