Dec 23, 2018 22:12 Asia/Almaty
  • Полиция күштерінің қолбасшылары Ислам революциясының жетекшісімен кездесті

Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Полиция күштерінің қолбасшылары және тағы басқа да жауапты қайраткерлерімен кездесуінде халық полиция күштерін күшті, әділ әрі қырағы күштер деп санайтындай жұмыс істеу қажеттігін қуаттады.

Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи Полиция күштері қолбасшылары және тағы басқа жауапты қайраткерлерімен кездесуінде тәртіп пен қауіпсіздікті қорғаушылардың талпыныстарына алғыс айтып, бұл күштердің қоғамдық пікірдің көз алдында істейтініне  назар аудартты. Аятолла Хаменеи полиция күштерінің революция мен исламдық жүйенің жоғары орынға ие болуын тоқтаусыз алға ілгерілеуімен байланыстырып: «Полиция күштерінің учаскелік бекеттер, бақылау пункттер мен патрульдер сияқты бөлімдері халықтың көз алдында жұмыс жасайтындықтан қарулы күштер мен исламдық жүйеге деген пікір полиция күштерінің жұмысымен байланысты»,- деді. Хазірет полиция күштерінің жақсы дамуына, соның ішінде халық пен оларға іспен келетіндерге қатынасты жақсартып,  дамуды жалғастыру қажеттігіне тоқталып: «Полиция күштерінің іс-әрекеттері мен қатынастары ақылды,  сабырлы әрі  халық толығымен сенім артатындай болуы керек»,- деп баса айтты.

 

 

Сараптама