Dec 24, 2018 09:21 Asia/Almaty

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иранның Палестинаның халқы мен қарсыласуын қолдап, Газа халқына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберуді жалғастыратынын қуаттады.


Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Палестина Парламентінің саяси және сыртқы істер комитетінің басшысы Махмуд әл-Заһар және оның қасындағы делегациямен Теһрандағы кездесуінде ислам әлемінің ең басты мәселесі ретінде Палестинаның мақсаттары мен қасиетті Құдстың азат етілуін қолдауды атады. Ол Ислам әлемінің негізгі қатері саналатын сионистік режимге қарсы күрес жолынан бұрмалануға себеп болатын кез келген әрекетті әлем мұсылмандарына жасалатын қиянат деп атап, Газа мен Йордан өзенінің батыс жағалауындағы халықтың табандылығы мен қарсыласу шебі жауынгерлерінің талпыныстарына алғыс айтты.

ХАМАС-тың танымал басшыларының бірі Махмуд әл-Заһар ИИР-ның діни жетекшісіне, үкіметі мен халқына Палестина қарсыласуын қолдағандары үшін алғыс айып, Иранның ұстанымының әрқашан әсерлі болғанын қуаттады.

 

 

 

Тегтер

Сараптама