Dec 24, 2018 17:31 Asia/Almaty
  • Тарихи Абияне ауылына 28 000-нан астам шетелдік турист келіп кетті

Иранның Натанз ауданының Мәдени мұра, қолөнер және туризм басқармасының директоры Хосейн Яздан Меһр 2018 жылдың 22 наурызынан 22 желтоқсанға дейін Иранның орталығында орналасқан таихи Абияне ауылына 28 773 шетелдік туристің келіп кеткенін айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауынша, Хосейн Яздан Меһр Абияненің тартымды жерлерін көру үшін бұл ауылға әлемнің 40 елінен туристердің келіп кеткенін мәлімдеді.

Абияне – Исфаһан облысының Натанз ауданында орналасқан ауыл. Мешіттер, отқа табынушылардың ғибадатханалары, зиярат жасайтын орындар мен қамалдар тарихи ауылдың көрікті жерлерінің қатарын құрайды.

 

 

 

 

Сараптама