Dec 25, 2018 21:42 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ Иранды тізе бүктіруде өзі жеңіліске ұшырайды

ИИР президенті: "АҚШ-тың негізгі мақсаты – ислам республикасының қуатты жүйесін тізе бүктіру. Дегенмен, бұл мақсатқа жету жолында жеңіліске ұшырайды",- деді.

ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні келесі жылдың (1398 ж.) бюджетін бекіту туралы заң жобасын Ислам Кеңесі Мәжілісіне ұсынған кезде депутаттардың алдында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Иранға қарсы қастандық әрекеттеріне тоқталып: "Ислам республикасы қастандықтарға қарсы бұрынғыдан айбындырақ табандылық пен қырағылық танытады.

Америкалықтар Иранды Батыс Азия аймағында өздері үшін үлкен кедергі санағандықтан Иранның жолына бөгет жасап отыр",- деді.

ИИР президенті АҚШ-тың үнемі Иранды оқшауландыратыны жайлы уәж айтқанына, бірақ бүгінде өзінің ең қатты оқшауланған елге айналғанына тоқталып: "АҚШ-тың Иранға қарсы санкция жариялауы мен Вашингтонның "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығу мәселелеріне байланысты халықаралық ұйымдар, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі мен басқа мемлекеттер АҚШ-ты қолдаған жоқ",- деді.

Рухани сондай-ақ, Иранның басқа елдермен қарым-қатынасын кеңейту қажеттігін қуаттады.

Иран президенті сөзін аяқтаған соң Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджаниге келесі жылдың бюджетін беткіту туралы заң жобасын ұсынды.

 

 

Тегтер

Сараптама