Dec 26, 2018 16:09 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі бүгін, сәрсенбі күні таңертең дүйсенбі күні кешке қайтыс болған Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы аятолла Сейед Махмуд Хашеми Шаһрудидің жаназа намазын Теһрандағы имам Хомейни атындағы діни мекен Мосаллада оқыды.

Иранның үштік билігінің басшылары мен басқа жауапты тұлғалары мен халықтың әртүрлі таптары қатысқан бұл рәсімде аятолла Хаменеи Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы әрі елдің бұрынғы Жоғары соты аятолла Сейед Махмуд Хашеми Шаһрудидің жаназа намазын оқып, Алладан марқұм үшін рақым мен кешірім сұрады. Аятолла Шаһруди Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласындағы хазірет Масуменің қасиетті кесенесінде жерленеді.

Бүгін, сәрсенбі күні кешке Ислам революциясының жетекшісі тарапынан Құмның Ағзам мешітінде мағриб пен иша намаздарынан кейін аятолла Сейед Махмуд Хашеми Шаһрудиге қатысты аза рәсімі өткізіледі. Ертең, бейсенбі күні де Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен Теһранның имам Хомейни атындағы хосейниесінде Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы әрі елдің бұрынғы Жоғары соты аятолла Сейед Махмуд Хашеми Шаһрудиді еске алу рәсімі өтеді.

 

 

 

Сараптама