Dec 27, 2018 18:14 Asia/Almaty

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының бұрынғы басшысы аятолла Һашеми Шаһрудиді еске алу рәсімі Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен имам Хомейниатындағы хосейниеде өтті.

Аятолла Һашеми Шаһрудидің отбасы мен туыстары, үштік билік басшылары, үлемдер мен діни қайраткерлер, жауапты тұлғалар, шетелдік қонақтар мен халықтың түрлі топ өкілдері қатысқан рәсімде қарилер Құран аяттарын оқып, Аһле бейттің (ғ.с) еске алушылары жоқтау айтты.

Сонымен қатар ходжат ул-ислам Седдиқи сөз сөйлеп: "Аятолла Һашеми Шаһруди өзінің әлеуметтік және революциялық міндеттерін атқаруды ұмытпай, өмірінің соңғы сәтіне дейін халық пен ислам жүйесіне қызмет еткенін мақтан тұтты",- деді. Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы және ИИР Сот билігінің бұрынғы басшысы аятолла Сейіт Махмұд Һашеми Шаһруди дүйсенбі күні сырқаттан көз жұмды.

 

Сараптама