Dec 29, 2018 22:18 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Зариф ИИР-ның әрдайым Палестина халқының жанынан табылып, оның арманын қолдауды жалғастыратынын айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Теһранда Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд ән-Нахалемен кездесуінде Палестинаны қолдауды ИИР сыртқы саясатының түбегейлі принципі деп атады.

Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд ән-Нахале де осы кездесуде Иранның Палестина халқын қолдауына алғыс айтып, Иранды Палестина арманының нағыз демеушілерінің бірі деп атады.

Зияд ән-Нахале кейбір араб пен батыс елдерінің қарсыласу қозғалысына соққы беру үшін талпыныс жасап жатқанымен Палестина халқының толық жеңіске жеткенге дейін өз жолын бұрынғыдан бетер табандылықпен жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы қарсыласу қозғалысының өткенмен салыстырғанда басқыншылардың алдында жоғары қабілет пен әлеуетке ие екенін айтып: "Осы қабілеттердің нәтижесі сионистік режимнің жуырдағы басқыншылығындағы жеңілісі мен "Оралу құқығы" шерулерінен айқын байқалды",-деді.  

"Оралу құқығы" бейбіт шеруі 30 наурызда Газа секторында  "Жер күніне" орай басталып, әлі жалғасып жатыр.   

 

Тегтер

Сараптама