Dec 30, 2018 18:57 Asia/Almaty

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани аймақтағы қарсыласу топтары мен оянған халықтардың америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасының іске асырылуына кедергі болатынын қуаттады.

Әли Шамхани Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы Зияд әл-Нахалемен Теһрандағы кездесуінде: «Палестина халқына қарсы үлкен қиянат сионистік ақпарат құралдарының тәкфиршіл топтардың үрейлі әрекеттерінің ықпалымен кең ауқымды үгіт-насихаттарын іске асырып, Палестинаның мақсаттарына қатысты зұлымдықты екі есе арттырып жатыр»,- деді. Шамхани Палестинаның қарсыласу армандарын үнемі қолдауды ИИР-ның сыртқы саясаты негіздерінің бірі екенін қуаттап: «Ислам революциясының жеңіске жетуінен бері Иран әрқашан Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқының қасынан табылды. Бұл жол діни сенімдер мен адамгершілік негіздеріне сәйкес болып, қарсыласу ағымы толық жеңіске жеткенше жалғасады»,- деді.

Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысының Бас хатшысы да ИИР-ның Палестина армандарының шынайы қолдаушысы екенін қуаттап: «Өткен кезеңмен салыстырғанда қарсыласу қозғалысының әлеуеті артты. Соның нәтижесі ретінде «Оралу құқығы» шерулері мен сионистік режим шабуылдарының сәтсіздікке ұшырауын атауға болады»,- деді.

 

 

 

Тегтер

Сараптама