Dec 30, 2018 21:19 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысының орынбасары генерал Салами исламдық Иранның әртүрлі салаларда әлемдік үстемшілдікті сәтсіздікке ұшырататын әлеуетке ие екенін дәлелдегенін қуаттады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары Хосейн Салами жексенбі күні Теһранда өткен 9-шы дей оқиғасын еске алу рәсімінде: "1979-ші жылдың ақпан айының 11 күнгі Иранның Ислам революциясының жеңіске жетуі АҚШ-қа орны толмас соққы беріп, шаһ режимін құлатып, үстемшілдікке зардап келтіріп, АҚШ пен одақтастарын қиындыққа душар етті.

Теһрандағы АҚШ-тың "тыңшылық ұясын" басып алу да ИИР-да АҚШ-тың саяси құзырына тиген оқ болды. Бұл бірінші революциядан да ірі революция деп аталды. Теңсіз соғыста баршаны таңырқатқан жеңіс Иранның күш-құдыретінің келесі көрінісі болды. Иранға қарсы соғыста үстемшілдіктің бағаны сындырылды. Иран халқы 1388-ші жылдың дей айының 9 күні (2009 ж. желтоқсан айының 30) ел тарихындағы үлкен ерлік көрсетіп, Иран тарихына тағы бір жарқын оқиғаны тіркеді",- деді.

Хиджри шамси күнтізбесінің 1388-ші жылының дей айының тоғызы күні Иранның миллиондаған халқы қоғамның құрылымына қарсы шыққандардан бөлек екендерін жариялап, Иранның президенттік сайлауының 10-шы кезеңінде бұрмаланушылықтар болды деген сылтаумен бүлік ұйымдастырғандарға қатаң жауап берді.

Бүгін Иранның революцияшыл халқының қатысуы және қырағылығымен елдің түкпір-түкпірінде 9-шы дей оқиғасын еске алған шерулер өтті.

 

 

Сараптама